Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық Комитетінің басшысы спортшылардың допингке қарсы зертханасы жұмысына жоғары баға берді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық Комитетінің басшысы спортшылардың допингке қарсы зертханасы жұмысына жоғары баға берді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық Комитетінің Президенті  Тимур Асқарұлы Құлыбаев мырза спортшылардың допингке қарсы зертханасына барып қайтты.

Аталмыш зертхананың негізгі міндеттері болып допингті бақылау саласындағы ғылыми зерттеулер, сондай-ақ допингтік заттардың болуы немесе болмауын анықтау мақсатында аналитикалық зерттеулер жүргізу табылады.

Зертхана заманауи құрал-жабдықтармен жабыдықталып, допингтік заттарды анықтаудаудың прогрессивті және инновациялық әдістерін енгізумен айналысумен қатар, мойындалған сапа менеджменті бар зертханалардың озық тәжірибелерін игеруде.  Мұның бәрі зертхананың жұмыс тиімділігін арттыру және отандық спорт саласында допинг қолдануды шектеу мен алдын алуды қамтамасыз ететін допинг бақылау жүйесін қалыптастыру үшін қажет.

Бүгінгі таңда зертхана өз жұмысын Әлемдік допингке қарсы агенттіктің (WADA) барлық талаптарына сай жүргізіп,   WADA лицензиясын қалпына келтіру бойынша жұмыс жасап жатыр. Допингке қарсы зертхана аккредетациясын қалпына келтіру мақсатында әзірленген  іс-шараларды жүзеге асыру жол картасы аясында жаңа құрал-жабдықтар сатып алынып, арнайы ғимарат жалға алынды және 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап зертхана жұмысшыларының жалақысы екі есеге көтерілді.

ҰОК басшысы жасалынып жатқан жұмысқа жоғары баға беріп, зертхана қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, WADA лицензиясын қайта алу мақсатында белсенді жұмыс істеу, ҚР ұлттық құраламырының кешенді-ғылыми топтарымен бірлесе ғылыми қызмет атқару сынды мәселелерге аса мән беру керектігін атап өтті.

Осы орайда, Қазақстан спорттық медицина федерациясы Назарбаев Университеті Медицина мектебімен бірігіп, атлеттердің жоғары жетістіктерге жетуі үшін заңсыздық шегінен шықпайтын әдістер туралы мастер кластар мен ғылыми зерттеулер жүргізуді жоспарлап отыр. Спорттық көрсеткіштерді арттыруға арналған эргеногендік көмекші әдістеріне құнарлы тамақтану, биологиялық белменді қоспалар, WADA рұқсат берген заттар, жаттығу жүргізілетін ортаның жағдайы, жаттығу жоспарының әркелкілігі, өкпе қабілетін арттыратын, оттегінің тасымалдануын жақсартатын және қалпына келуін тездететін арнайы технологияларды қолдану жатады.

Құнарлы тамақтануға арналған оқыту және зерттеу шаралары – жаттығу барысында бос радикалдардың босап шығуын азайтып, оксидативті стрессті төмендетуге, жаттығудан кейін организмінң қайта қалпына келуіне, бұлшықет көлемін артыратын биологиялық белсенді заттарды тиімді пайдалануға бағытталады.

Жаттығу өткізу ортасының әркелкілігіне келетін болсақ, таулы жерлерде, яғни атмосфералық қысым төмен жағдайда атлеттерді дайындау – олардың өттегі тапшылығына шыдамдылығын жоғарылатып, жүрек-тыныс алу жүйесін әдеттегіден жоғары жұмыс істеуге мәжбүр етеді.

Спорттық көрсеткішті арттыруға атлеттің жылдам қалпына келуі де маңызды. Спортшы дайындық, сайыс барысында максималды күшін толықтай жұмсамас үшін, жоғары жүктемелі жаттығулардан тез әрі қауіпсіз қалпына келуі керек. Осы мақсатта суық температура немесе криотерапия – қабынудың алдын алып, тамырдың тарылуы арқылы қалпына келтіру процесін жеделдетуге арналған әдістер спорт дәрігерлері және реабилитация мамандарына оқытылады.